“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры” атты салтанатты шара өтті

“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры” атты салтанатты шара өтті

11 желтоқсанда “Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры” атты салтанатты шара өтті. Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин “Алтын бесік - Ақтөбе” жеріне келіп, Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе ел экономикасына ықпал еткен ірі жобаларды қолға алған, алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік аймаққа айналғанын, облыстан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолдары бүгінде ел экономикасына ерекше серпін бергенін атап, Ақтөбеліктерді еліміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Мәжіліс Спикері ел мен облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан қоғам белсенділеріне жоғары мемлекеттік наградаларды табыстады. Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан, “ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” медалімен
- Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының бас дирижері ҚАБИЖАНОВА МӘДИНА МАРАТҚЫЗЫ;
- Ақтөбе облыстық “Алақай” қуыршақ театрының директоры ҚҰРМАНАЛИНА АСИЯ ТӘЖБЕКҚЫЗЫ марапатталды.
- “ПАРАСАТ” орденін еңбек ардагері БЕКАРЫСТАН МЫРЗАБАЙ иеленді.
Ал ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ “ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫНА” облыстық филармонияның ҚАЗАҚ КАМЕРАЛЫҚ ХОР ҰЖЫМЫ ие болды.