Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру

Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру

Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру

 Мемориалдық тақта – аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша.

 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №149 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар басқармаға өтінішті қағаз түрінде немесе электронды форматта www.e-license.kz - «Электрондық лицензиялау» порталы арқылы құжаттарын тапсырып, қызметті ала алады.

Мемориалдық тақталар екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады және 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде жасалуы тиіс. Сонымен бірге, аса көрнекті тұлғаның тұру, жұмыс істеу, болу фактісі және ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиға расталған кезде орнатылады.

Ол үшін төмендегідей құжаттар болуы қажет.

  1. Аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;
  2. Аса көрнекті тұлғаның тұру, жұмыс істеу, болу фактісі және ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиға туралы мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;
  3. Қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі.

Аталған құжаттар толығымен тапсырылған жағдайда, өтініш облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылып, шешімі 30 (отыз) күн ішінде беріледі.