"Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы" атты IV-аймақтық кітапханашылар конференциясы өтті

"Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы" атты IV-аймақтық кітапханашылар конференциясы өтті

2021 жылдың 29 қазаны күні сағат 10.00-де Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы аясында және кітапхана саласындағы жұмыс түрлерінің жаңа үлгілерін, тың идеялары мен үздік жобаларын ортаға салып, ой бөлісу, іс-тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты IV-аймақтық кітапханашылар конференциясын өткізді. Аталмыш шараға аймақтардан (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары) және Ақтөбе облысы аудандарынан, қоғам қайраткерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. «Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты IV-аймақтық кітапханашылар конференцияда Атырау облыстық балалар кітапханасының әдіскері Дилмаганбетова Жамал Махмутқызы «Жыл кітаптары – балалар кітапханасында» тақырыбында сыр сандық, С.Бәйішев атындағы ОӘҒК библиографы Аленова Мадина Карибозовна «Библиографиялық жұмыс – сандық кеңстікте» немесе «Қызықты билиография» атты библиографиялық биеннале, БҚО Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы «Балалар мен жасөспірімдерге кітап оқытудың жаңа идеялары» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, т.б. аймақтан, ауданнан келген кітапханашылар қатысып, кітапхананы дамытудағы заманауи жобалар, оның жұмыстары туралы, сонымен қатар заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру жөнінде ой-пікірлерін білдіріп, талқылады. Сонымен қатар кітап көрмесі, бейнематериалдар,  слайд,  әдістемелік баспалар ұйымдастырылды. Одан әрі қарай сағат 15.00-де «Жауһар жырлар жауған күн» атты «Әдебиет.Рух.Қоғам» әдеби форумының номинация иегерлерімен  кездесу кеші өткізілді. Бағдарлама бойынша кітапханашылар баяндамаларын оқып, тренинг, «Даналық дефилесі» атты авторлар мен кейіпкерлердің шеруін өткізді.