"Ана әлдиі" республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

"Ана әлдиі"  республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

  Сәбидің санасына тәрбие мен салт-дәстүрді ұғындырып, бала жүрегіне ізгілік нәрін ұялата білетін – бесік жыры. Бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастырып, мәдени құндылықтарымызды нығайту мақсатында «Ана әлдиі» атты республикалық  байқауы ұйымдастырылды. Аталған байқаудың облыстық іріктеу кезеңінде үздік деп танылған Ойыл, Әйтеке би, Қобда аудандарынан  және  Ақтөбе қаласынан   4 жеңімпаз республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық деңгейде бақ сынасқан қатысушылардың арасынан жүлделі  І орынды Ойыл аудандық мәдениет үйінің  «Ойыл ауданы келіндері» иеленді. Сонымен қатар «Әнді орындау шеберлігі үшін» номинациясымен Ақтөбе қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің әдіскері Света Қабланова марапатталды.