12 маусым сағат 21:00 –де Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Өнер орталығы» ғимараты алаңында «Music Fest Оpen Air» жобасының А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен классикалық музыка ансамблінің біріккен «Классика түні» жазғы фестивалінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Концерттік бағдарлама барысында А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауында Құрманғазының «Серпер», «Адай», Евгений Брусиловскийдің «Желдірме», П.И.Чайковскийдің «Лебединое озеро» операсынан «Венгерский танец» шығармалары, оркестрдің сүйемелдеуімен Естайдың «Құсни Қорлан» әнін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін республикалық байқаулардың лауреты Нұртас Омаров, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Ажардың ариясын» республикалық конкурстардың лауреаты - Манзура Сапарова, Франц Легардың «Dein ist mein ganzes Herz» туындысын халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлдана Алдадосова мен Ибраһим Амин, ал халық композиторы Сегіз Серінің «Гаухартасын» Гаухар Саламас, Энрико Каннио мен Аньелло Калифаноның «Влюбленный солдат» әнін республикалық байқаулардың лауреаты Беджа Калмыков орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Аққу» би ансамблінің «Павлин», «Фламенко» биі көрермендерді ерекше тәнті етті.