"Сыған серенадасы" музыкалық спектаклі

"Сыған серенадасы" музыкалық спектаклі

   Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен алғаш рет «Өнер орталығы» сахнасында 2-3 маусым күндері Исраил Сапарбайдың «Сыған Серенадасы» музыкалық спектаклі өтті.

     Жас Шәмші жаңбырлы күндердің бірінде Сағыныш есімді арумен танысады. Бірақ екеуінің сүйіспеншілікке толы сырлы сезімдері оларды бір арнада тоғыстыра алмайды. Сазгер махаббат пен жалғыздық күйін кешіп жүргенде сығандар тобырына кез болып, Изольда есімді қызға ғашық болады. Олардың арасында бірнеше айлар бойы болған Шәмшіге сыған қызының махаббаты да оянады. Бұл нәзік сезім мен романтикалық шығарма — кіршіксіз, таза махаббаттың жемісі. Спектакль дарынды композитордың әнімен сүйемелденді. Поэтикалық драма желісіндегі арпалыс, сезім машақаты, Шәмші-Нұржан  өнер сүйер көрермендердің  ыстық ықыласына бөленді.

    Спектакльге 80 – нен аса филармония артистері  қатысты. Кәсіби ұжымдардың көркемдік жетекшілерін атап айтсақ, олар:

Қазақ камералық хоры - көркемдік жетекшісі және дирижері Мербол Құспанов.

Камералық оркестрі - көркемдік жетекшісі және дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі Әлімжан Ермекбаев.

«Аққу» би ансамблі - көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мамбетова.

«Екі Езу» сатира театры- көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан.

Классикалық музыка ансамблі– көркемдік жетекшісі Нұртас Омаров.

Басты рөлдерде: Шәмші – қазақ камералық хорының артисі Нұржан Қаражанов, Изольда – классикалық музыка ансамблінің солисті Алина Оспанова.

    Шәмшінің анасы – қазақ камералық хорының артисі Гүлжахан Досаева, Алеко – классикалық музыка ансамблінің солисті Бэджо Калмыков, Барон – «Екі Езу» сатира театрының артисі Бекбол Тәтебаев, Баронесса – «Екі Езу» сатира театрының артисі Гүлзат Ермагамбетова, Сағыныш – классикалық музыка ансамблінің солисті Лаура Таусарова. Қоюшы режиссеры – Сырым Мұхамед-Хафиз. Суретшісі Айзат Ордабаева

    Бұл қойылым Ақтөбе өңірі мәдениетінің қарқынды  дамуының бір көрінісі іспетті. Көрермендердің Ақтөбе облыстық мәдениет басшылығына, филармония ұжымына айтқан  ыстық лебізімен қатар, театр өнерінің ардагері республикамызға танымал тұлға Мағзом Бақытжанов ағамыздың артистерді жігерлендірген қолдау сөзі соның айқын дәлеліндей.