АҚТӨБЕДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

АҚТӨБЕДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

      2021 жылғы 2-4 маусым аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Ақтөбеде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы «Концерттік-гастрольдік қызмет орталығымен» өзара ынтымақтастық аясында «Қазіргі әлемдегі этно-фольклорлық өнер» және «Мәдениет саласындағы менеджмент» тақырыптарындағы семинар-тренингін ұйымдастырды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің өзара ынтымақтастық Меморандумы аясында семинар-тренинг Студенттер сарайында өтті.

Семинар-тренингті Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш шараның спикері - Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі, «Халық алғысы» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері, музыкант-мультиаспапшы, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің белді мүшесі Серік Нұрмолдаев.

Семинар жоғары деңгейде, тиімді және нәтижелі өтті.

Үш күндік семинар-тренинг барысында: мәдениет саласындағы менеджмент, ұйымдағы адамның және басшылардыңмінез-құлқы теориясының даму тарихы, теориялары, тиімді командаларды қалыптастыру, көшбасшылық, басқару стильдері, еңбекке бейімделу мен қарсылықты басқару, жанжалдар мен стресс, ынталандыру туралы толық ақпарат берді.

Облыс бойынша үш күндік семинар-тренингтің жұмысына қатысқан 280 адамға, оның ішінде: мәдени-демалыс мекемелері – 166, кітапхана саласы - 68, музей ісі - 13, театрлар, планетарий, филармонияның - 33 қызметкерлеріне қатысқандықтарын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.

Семинар-практикумға жиналған облыс орталығы мен әр ауданнан келген мәдениет және өнер саласының қызметкрелері рухани сабақ алып, дүниетанымдарының өзгеріп, жұмыстарында өзгеше жол, бағыт бағдар алғаны сөзсіз.