"Мәдениеті өскен ел-өркениетке көшкен ел" мәдени шарасы

"Мәдениеті өскен ел-өркениетке көшкен ел" мәдени шарасы

        22 сәуір күнінде "Өнер орталығы" ғимаратында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай  «Мәдениеті өскен ел-өркениетке көшкен ел» атты шара өтті. Аталмыш шарада ұлт игілі үшін  тер төгіп келе жатқан бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды. Марапатталушылар саны 28. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің облыстық және республикалық кезеңдерінің 25 үздіктері облыс атынан берілген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Барлық марапатталушылар саны 53, шараға қатысушылар саны 134.

         Шара мерекелік бағдарламамен  жалғасты.