КӨКШЕ ТӨРІНДЕ "РУХАНИ ҚАЗЫНА-2021» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

КӨКШЕ ТӨРІНДЕ "РУХАНИ ҚАЗЫНА-2021» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

    18 мамыр – Халықыралық музей күні Көкше төрінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің үздіктері анықталып, өз ісінің маман қызметкерлері мен жұмысын табысты атқарып отырған мекемелер анықталуда.

      Көкшетау қаласында өтіп жатқан Республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

  Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың төрағалық етуімен өткен комиссия отырысында фестивальдің республикалық кезеңіне кітапхана (12), музей ісі (5) мен мәдени ойын-сауық саласынан (8) жалпы 25 қызметкерлер мен мәдениет мекемелерінің құжаттары мен бейнематериалдары жіберілген болатын.

   Үш күнге созылған республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жұмысына Басқарма басшысы А.Юнисова бастаған делегация қатысуда. Құрамында облыстық кітапхана, музей директорлары және қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің өкілдері бар.

    Биылғы республикалық байқауға облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік музей, кітапхана ісі, мәдени ойын-сауық саласынан жалпы саны 313 өтінім түскен. Оның ішінде 169 – кітапхана, – 80 мәдени ойын-сауық ошағы мен 64 музей бар.

  21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқан «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалі аясындағы семинар жұмысына қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатқан біздің әріптестерімізге сәттілік тілейміз.