АҚТӨБЕДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ  АТАЛЫП ӨТТІ

  2021 жылғы 8-9 мамыр күндері Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 76 жылдығына арналған шараны ашық аспан астында ұйымдастырды.

   Таулар қашықтаған сайын биіктей беретіні секілді жылдар өткен сайын  Ұлы Отан соғысы тақырыбы жаңғырып келеді.

     9 мамыр әрқашан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, Отанымыздың бостандығы үшін күрескендердің барлығына құрмет білдіретін ерекше күн.

Кеш барысында С.Бәйтерековтің Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Әлия», соғыс тақырыбындағы әндер «День Победы», «Катюша», Құрманғазының күйлері «Адай», «Балбырауын» және т.б. шығармалар орындалды.

     Жеңіс мейрамына арналған мерекелік шаралдарға «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі (жет.А.Ешпанова), «Әдеп» халықтық тобы (жет.Қ.Серікбаева), Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, Сазды мәдениет үйінің «Жас ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі, «Славяне» этномәдени бірлестіктерінің өкілдері (жет.В.Сурай), №1 балалар музыка мектебі т.б. шығармашылық ұжымдар мен әншілер өнер көрсетті.

     Ұйымдастырушылар концерт барысындакөрермендер арасынан өнер көрсетуге тілек білдіргендерге мүмкіндік берді. «Ел іші – өнер кеніші» деген, сахнаға домбыраның құлағында ойнайтын өнерпаздар шығып, күй тартып, ән шырқап, би биледі.

Сондай-ақ балаларүшін де түрлі ойындар мен концерттік нөмірлер ұсынылды. Жеңіс күні ақтөбеліктердің рухын аспандатты.

      Сонымен бірге биыл да Ұлы Отан соғысы ардагерлері ұрпақтарының қатысуымен өтетін дәстүрлі «Әкелер ерлігі есімде» атты онкүндік шаралар легі жалғасын тапты.

    Онлайн форматтағы шараның алғашқы қонағы — Ұлы Отан соғысының ардагері Көбек Қойшыбаевтың ұлы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті онкология кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Әріп Қойшыбаев болды. Тұшымды әңгімелер, жақсы естеліктер айтылды. Одан соң Шалқар ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қартбай Қабақбаевпен сұхбаттастық. Соғысты көрген майдангермен әңгімеміміздің орны тіптен бөлек.

    Бұл шараларға көрермендер @aqtobe.madeniet және @aktobe_ocnt инстаграм парақшаларының тікелей эфирінен көріп, көптеген қызықтарға куә болды.