ТАСҚОПА І ҚОРҒАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БІРЕГЕЙ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

ТАСҚОПА І ҚОРҒАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БІРЕГЕЙ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

         17 наурыз күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында Taсқопа I обасынан табылған материалдардың реконструкциясының тұсаукесері өтті.

       Бірегей археологиялық материалдар 2019 жылы Ақтөбео блысының Темір ауданындағы элиталық қорғанды зерттеу нәтижесінде табылды. Сақталған алтын бұйымдар сармат қоғамы элитасы өкілінің жерленгенін білдіреді.

  Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Ресей Ғылым Академиясының Материалдық мәдениет тарихы  институты  зерттеу тобы мен консервациядан және ғылыми өңдеуден кейін біздің дәуірге дейінгі 1 мыңжылдықтың екінші жартысындағы сармат көсемінің сыртқы келбеті қайта жасалды.

   Шараға облыс әкімі О.Оразалин, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Б.Байтанаев, белгілі археологтар, тарихшылар, қоғамды құйымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.