«ОҚЫ, АҚТӨБЕЛІК ӨРЕНІМ!».

«ОҚЫ, АҚТӨБЕЛІК  ӨРЕНІМ!».

  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «ОҚЫ, АҚТӨБЕЛІК  ӨРЕНІМ!» облыстық оқу марафонын жариялады. 

Биылғы оқу марафоны ақын Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналады.

2021 жылғы 11 ақпанда оқу марафонының алғашқы шарасы   ZOOM платформасында«Әуенге әлдиленген ақын» тақырыбында әдеби-сазды кешпенбасталды. 

Шарада өзіндік жыр жолдарымен үн қосып, өз оқырмандарына жауһардан асыл сыйлаған ақынның шығармашылығы туралы баяндалды. Темір, Байғанин аудандық балалар кітапханаларының оқырмандары ақынның өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады.

Оқу марафоны ақынның туған жері Байғанин ауданынан басталады.

Шараға аудандық балалар кітапханаларының қызметкерлері, кітапхана оқырмандар қатысты.

2021 жылдың ақпан – қазан айларындаізгі шара облыс аудандарында жалғастырылады.