Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті  қала тұрғындары мен қонақтары!

Сізге қызмет жасаған кезең үшін еңбек өтіліңізді және еңбек ақыңыздың мөлшерін нақтылау қажет пе?

 Отбасы құрамы, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар туралы  мәліметтер алғыңыз келе ме?

      Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар туындады ма және оларды шешу үшін дәлелдеме құжаттар қажет пе?

     Зейнетақыны рәсімдеу алдында архивтік анықтаманы қайдан және қалай алу керегін білмейсіз бе?

       Ендеше, сіз"Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін ала аласыз.

        Архивтік анықтаманы алу үшін өтінішті қайда қалдыруға болады?

  • облыстық немесе аудандық архивтердің кеңсесіне;
  • "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (халыққа қызмет көрсету орталығына)
  • "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінуіңізге болады.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік қызметті онлайн алуға кеңес береміз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінген кезде Сіз «электронды өтініштер» бөлімін таңдамаңыз!!!Мұндай жағдайда Сізге мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі түсіндірілген хат жолданады. Бұл сіздің де, біздің де уақытымызды үнемдеуге кері әсерін тигізеді, архивтік анықтаманы алу үшін қайтадан өтініш жіберу қажет болады.

Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін алу үшін www.egov.kzсайтында қандай бөлімдерді таңдау керек?

        Басты  бетте Құқықтық көмекбөлімін таңдаңыз да, әрі қарай: Апостиль қоюАрхивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру бөлімдеріне кіре отырып, онлайн өтініш жіберіңіз.  Осылайша, 11 жұмыс күні ішінде  үйден шықпай-ақ архивтік анықтаманы электронды түрде алуыңызға  болады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін Сіздің  "жеке кабинетіңізге" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасы