Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры 36-маусымын ашты

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры 36-маусымын ашты

Театр актерлері қызыл кілеммен өтіп, жаңа маусымның алғашқы кешінің шымылдығын түрді.

Салтанатты кеште Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы театр ұжымын 36-маусымның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде өнер ордасының өңірдің мәдени өміріндегі айрықша орнын атап өтіп, шығармашылық ұжымға жаңа маусымда тың ізденіс пен шығармашылық жетістіктер тіледі.

Салтанатты шара Шыңғыс Айтматовтың «Қош дегім келмейді» спектаклімен жалғасты.

Қойылымнан кейін алғаш рет «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылды. Көрермендер актерлермен еркін форматта жүздесіп, өз пікірлері мен сұрақтарын ортаға салды. Бұл формат театр ұжымының Франция астанасы Париж қаласына гастрольдік сапары барысында жинақтаған тәжірибесі негізінде қолға алынды. Алдағы уақытта да жалғасын табады.