«Music Fest Open Air» – Ақтөбе қаласының мәдени өміріндегі жазғы маусымның айтулы музыкалық жобаларының бірі болды

«Music Fest Open Air» – Ақтөбе қаласының мәдени өміріндегі жазғы маусымның айтулы музыкалық жобаларының бірі болды

2021 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль биыл да ашық аспан астында өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық кеш сыйлады.

Фестиваль барысында ұлттық өнер мен заманауи музыка үйлесім тауып, көрермендер халық музыкасы, эстрада, джаз, би және кавер бағытындағы шығармаларды тамашалады. Концерттік бағдарламада «Достық сазы», «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамбльдері, «Дауыс» әншілер ұжымы, «Аққу» би ансамблі және «Jazz Spirit» джаз тобы өнер көрсетті.

Музыкалық жоба жастардың өнерге қызығушылығын арттырып, қала тұрғындарының мәдени тынығуына мүмкіндік берген мазмұнды мәдени кешке айналды.