2 шілде күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Домбыра – асыл мұра» атты ашық әңгіме сағаты ұйымдастырылды

2 шілде күні С.Бәйішев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасында «Домбыра – асыл мұра» атты ашық  әңгіме  сағаты  ұйымдастырылды

Шара барысында домбыраның шығу тарихы туралы мәліметтер беріліп, «Домбыра туралы қызықты дерек» және «Ер Едіге» жыр мектебінің жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар домбыраға арналған ақындардың жүрекжарды туындылары оқылды.

Ашық әңгіме барысында шара қонағы: жырау, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», «Ер Едіге» жыр мектебінің көркемдік жетекшісі Әділбек Сарин  домбыраның ұлттық құндылық ретіндегі маңызы, халықтың тарихи жады мен рухани мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі орны, қазақтың дәстүрлі  жыраулық  өнері  туралы  тағылымды  ойларымен  бөлісті.

Жыр мектебінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, жыр-дастандар мен термелер орындады. Көрермендер ұлттық өнердің үздік үлгілерін тамашалап, ерекше рухани әсер алып, жылы лебіздерін білдірді. Оқырмандар тарапынан Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Жанболат Тажибаев мен Қажымұқан Нұралиев Құрманғазы Сағырбайұлының  «Адай» күйін  тарту  етті.

Іс-шара аясында «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу ұсынылды. Көрмеде домбыраның жасалу тарихы, аңыздары, жасау технологиясы, сондай-ақ домбыра өнерінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды.