18 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті

18 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті

Іс-шараға Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Омарова Ризагүл Мырзағалиқызы қатысып, көтерілген мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, еңбек және атқарушылық тәртіп, жұмыс уақыты регламентін сақтау, қызметтік этика талаптарын ұстану, діни мәселелер бойынша заң талаптары мен «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасы қаралды.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.