Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде «Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен…» атты жобасының GBR (Global Book of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгенін растайтын ресми құжаттарды архив қорына тапсыру рәсімі өтті

Шара барысында дүниежүзілік рекордты растайтын сертификаттар, аудио-бейнематериалдар, фотосуреттер және жобаға қатысты өзге де тарихи құжаттар мемлекеттік архив қорына қабылданды.

Айта кетейік, 16–17 наурыз күндері өткен «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр кеші GBR дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеліп, қазақтың дәстүрлі жыраулық өнерін халықаралық деңгейде танытқан болатын.