
Кеш барысында 80-ге жуық мәдениет және өнер қызметкері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы және Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы, «AMANAT» партиясы және салалық кәсіподақ тарапынан марапаттар берілді.
Кештің шымылдығын Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония өнерпаздары әсем әнмен ашып, мерекелік кешке ерекше рухани реңк берді.
Бұл – өнер мен мәдениетке көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі.