
Байқауға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе қалаларынан 30-ға жуық үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салған болатын.
Өнер додасы ұлттық күй өнерін дәріптеп, жас орындаушылардың шеберлігін шыңдайтын тағылымды алаңға айналды.