
Алқа жиыны аудандық мәдениет бөлімдерінің басшыларының секциялық семинар-практикумымен және аудандық мәдениет үйлері мен кітапханалары директорларының кеңесінің отырысымен жалғасты.
Аталған шаралар облыстық халық шығармашылығы орталығында, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды.