Қазақ ақыны, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтің 100 жылдығына орай орнатылатын құрылыстың (бюст) ең үздік жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізу шарттары

Қазақ ақыны, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтің  100 жылдығына орай  орнатылатын құрылыстың (бюст) ең үздік жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізу шарттары

Конкурстың мақсаты: Қазақ ақыны, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтің  100 жылдығына орай  орнатылатын  құрылыстың  үздік жұмыс жобаларын (кемінде үш жұмыс жобасы) анықтау.

Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік - көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Жобада ұзақ сақталатын материалдардың қолданылуын қарау қажет (тас, қола және т.б.).

Құрылыс орнатылатын орын: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы 14 А, Облыстық халық шығармашылығы орталығының алаңы.

Конкурстық жоба ұсыныстардың құрамы және ұсынылатын материалдарды дайындауға қойылатын талаптар:

Конкурстық материалдар құрамына ұсынылады (міндетті шарттар):

- құрылыстың жұмыс жобасы - М 1 : 10;

- бас жоспар - М 1 : 500;

- жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ахуалды сызбасы;

- ескерткіштің жалпы келбеті және қасбеті (масштаб автордың қарауы бойынша).

Байқауға ұсынылатын жобалар алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен (девизбен) ұсынылады. Ұран жобаның байқауға ұсынылған барлық материалдарының оң жақ жоғарғы бұрышына (биіктігі – 1 см), сондай-ақ ұран жазылған конвертке көрсетіледі. Мөрленген ұран конвертінің ішіне жоба авторының тегі, аты-жөні және мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ қоса салынады.

Қысқаша түсіндірме жазба: 2 данадан ұсынылады, көлемі 2 беттен аспауы тиіс, «Times New Roman» қарпімен, 14 өлшемде, жоларалық аралығы бір интервалмен теріліп, ескерткіштің негізгі идеясы мен көркемдік шешімінің қағидаттары және кеңістікті ұйымдастыруы баяндалуы қажет.

Графикалық жұмыстар 60х80 см өлшемдегі планшетте беріледі. Планшеттер саны 2-ден аспау керек.

Графикалық орындау әдісі – түсті, мүсіннің тахникасы мен материалы – автордың өз қалауы бойынша орындалады.

Ескерткіштердің  макеттері мен эскиздері әртүрлі материалда ұсынылуы мүмкін.

Конкурстың шарттары:

Конкурсқа көркемдік – өндірістік шеберханалар және басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар шақырылады.

Конкурс қорытындысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Ақтөбе облыстық комиссиясының отырысында қаралып, шешім қабылданады.

Облыстық комиссиямен таңдалған ең үздік 3 жоба Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 31 наурыз бен 30 сәуір аралығында қабылданады.

Құрылыстың жұмыс жобалары  келесі мекенжайларға ұсынылуы тиіс:

  1. kulturaoblast@yandex.kz;

2.030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 624 кабинет,  Тел. 8 (7132) 74-28-83. Дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда. 

Басқа өңірлерден қатысушылар жобаларын белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауы және алдын ала пошта түбіртегінің нөмірін Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мекенжайына хабарлауы қажет.

Байқау шарттары бұзылып ұсынылған, сондай-ақ талапқа сай емес, сапасыз орындалған жобалар комиссияның қарауына жіберілмейді.