
Осыған орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
Шараға облыстың белгілі қайраткерлері, ақындар, жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысып, кітапхана қорына жеке кітаптарын сыйлады. Сонымен бірге республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына және облыстық «Оқитын өлке» акциясына таңдалған шығармалардан жасақталған арнайы кітап көрмелері ұсынылды.