Қазақ камералық хоры Үндістанда өнер көрсетті

Қазақ камералық хоры Үндістанда өнер көрсетті

2026 жылғы 11–27 қаңтар аралығында Үндістанның Нью-Дели, Чандигарх, Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында өтіп жатқан Lakshminarayana Global Music Festival (LGMF 2026) халықаралық музыка фестивалінде Қазақстан Республикасы атынан Қазақ камералық хор ұжымы өнер көрсетті.

Ұжымның кәсіби вокалдық ансамблі фестиваль көрермендерінің жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның мәдени имиджін халықаралық деңгейде танытуға және Қазақстан–Үндістан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты.