Елімізге белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өтті

Елімізге белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өтті

Оған өңірге танымал зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер және оқырман жастар қатысты. Танымдық кездесуде жазушының өмір жолы, шығармашылығы, «Бибі-Сана» атты жаңа кітабы, сондай-ақ алғаш оқырманға ұсынылған «Тауқымет» романы жайлы кеңінен айтылды. Сонымен қатар “Жақсылықтың жаршысындай Бибі-Ана” кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақын Иран-Ғайыптың «Бибі-Ана» өлеңі оқылды.