«Ер Едіге» жыр мектебінің 5 жылдығына орай «Қырымның қырық батыры: ерлік пен елдік дастаны» атты жыр кеші өтті

«Ер Едіге» жыр мектебінің 5 жылдығына орай «Қырымның қырық батыры: ерлік пен елдік дастаны» атты жыр кеші өтті

Тағылымды мәдени шара ұлттық рухты ұлықтап, жыр өнерінің терең дәстүрін кеңінен насихаттауға арналды.

Халық ауыз әдебиеті мен эпикалық мұраның көркем үлгілеріне сай нақышына келтіре орындалған жас жыршылардың жырлары көрерменге терең рухани әсер сыйлап, дәстүрлі жыршылық өнердің өміршеңдігін айқындады.

Кешке жиналған көрерменнің қарасы қалың болып, зал лық толды, ине шаншар орын қалмады. Бұл — халықтың жыр өнерін сағынып қалғанының айқын көрінісі.