18 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жетпісбай Нұржан Ықсанұлының «Қобда өңірінің тарихы» атты төрт томдық кітабының таныстырылымы өтті
Іс-шара барысында өңірдің тарихи мұрасын жан-жақты қамтыған еңбектің ғылыми маңызы айтылып, авторға жылы лебіздер білдірілді. Таныстырылымға облыс пен аудан басшылығы, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ардагерлер, оқытушылар мен студенттер қатысты.