Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры Ақтөбе облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен 9–12 желтоқсан аралығында Еуропа төрі – Париж қаласында қазақ халқының ұлттық эпосын сахнаға шығарып, өнер көрсетті

Қойылымды тамашалауға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов пен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова арнайы келіп, өздерінің жүрекжарды лебіздерімен, шынайы әсерлерімен бөлісті.

Париж көрермені қазақ өнерін ерекше құрметпен қарсы алып, «Қобыланды» спектаклін зор қызығушылықпен тамашалады. Қойылым соңында көрермендер әртістерге алғыстарын айтып, суретке түсіп, автограф алып, алған әсерлерімен бөлісіп, ыстық ықыластарын білдірді.