
Олимпиаданың мақсаты – астрономия мен ғарыш ғылымдарына қызығушылығы мол жас дарынды оқушыларды қолдау, олардың білімін кеңейту және зерттеушілік дағдыларын дамыту. Оған Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Атырау және Орал қалаларынан келген жас астрономдар қатысты.
Жеңімпаздар жүлделі орындармен, дипломдар мен медальдармен марапатталды, жетекшілер алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар, қатысушыларға танымдық дәрістер мен цифрлық технологиялар жөніндегі шеберлік сабақтары және экскурсиялар ұйымдастырылды.