Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен VIІ Халықаралық «BALAUSA» экспериментальді спектакльдер фестивалі бастау алды

Фестиваль аясындағы алғашқы шара ретінде баспасөз конференциясы өтіп, онда ұйымдастырушылар мен театр өкілдері мерейтойдың мән-маңызы мен фестивальдің басты мақсаттарына тоқталды. Бұдан кейін қатысушылар Қ.Шаңғытбаев пен қазақ драматургиясының көрнекті тұлғасы Т.Ахтановтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Салтанатты ашылу рәсімі театрлар шеруімен жалғасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Фестивальдің шымылдығы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты спектаклімен түрілді. Терең философиялық ойға құрылған бұл қойылым көрермендерге тағылымды әсер қалдырып, фестивальдің мазмұндық мәнін айшықтай түсті.