Ақтөбеде Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі басталды

Ақтөбеде Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі басталды

Ақтөбеде «Алақай» облыстық қуыршақ театрының 40 жылдық мерейтойына орай Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі өтуде. Биылғы өнер мерекесі 2025 жылдың 21-26 қыркүйек күндері ұйымдастырылып, ерекше ауқымымен ерекшеленіп отыр.

Фестивальге Қазақстанмен қатар шет елдерден келген қуыршақ театрларының ұжымдары қатысуда. Көрермендер үшін түрлі елдің шығармашылық дәстүрін тоғыстырған қойылымдар, шеберлік сабақтары, мәдени кездесулер мен арнайы бағдарламалар ұсынылады.

22-25 қыркүйек аралығында еліміздің әр өңірінен және шетелден келген 16 театр ұжымы өз қойылымдарын сахналайды. Бұл шара қуыршақ өнерін кеңінен насихаттап қана қоймай, кәсіби тәжірибе алмасуға, шығармашылық байланысты нығайтуға зор мүмкіндік береді.

Фестивальдің басты мақсаты – жас көрермендерге қуаныш сыйлау, қуыршақ театры өнерінің маңызын арттыру және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту.