Алғаш рет Шұбарқұдық күні тойланды

Алғаш рет Шұбарқұдық күні тойланды

Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде туған өлке мерекесі – Шұбарқұдық күні кең көлемде аталып өтті.

Аталған мереке теміржолшылардың кәсіби мерекесімен қатар  ұйымдастырылды.

«Досжан Хазрет» мемориалды кешеніне экскурсия – тұрғындар мен қонақтарды тарихи-рухани құндылықтармен таныстырды.

Кешенді шара барысында күрделі жөндеуден кейін аудандық Мәдениет үйі қайта ашылып, ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Кимешек – аналардың асыл тәжі» этнофестивалі ұлттық дәстүріміздің ұлық үлгісіне айналды. Аудандық музейдегі танымдық шарада ауылдың тарихы кеңінен таныстырылды.

Ауқымды шара қорытындысында «Сүйікті мекен - Шұбарқұдық» атты гала-концерт Орталық стадионда өтіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталған гала-концертке жергілікті өнерпаздармен қатар, Өмірқұл Айниязов, Еркебұлан Құмаров, Qanay секілді танымал эстрада әншілері шақырылып, халықтық серуен ұйымдастырылды.