31мамыр күні Триатлон саябағында «КІТАП фестивалі – 2025» шарасы өтті

31мамыр күні Триатлон саябағында «КІТАП фестивалі – 2025» шарасы өтті

Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі, сурет және кітап көрмелері ұйымдастырылып, әртүрлі бағыттағы  мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Шара «Бақытты бала» хор  ұжымының  «Болашағы біз елдің»  әнімен  басталды.

Фестивальге Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю. Юнисова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, танымал ақын-жазушылар Н.А.Қалауов, Г.Ә.Қуанышева және зиялы қауым өкілдері қатысып, әдебиет пен руханият саласының дамуына қатысты жүрекжарды тілектерін білдірді.

Фестиваль аясында «Үркер» шығармашылық орталығы, «Ahаsh Media Studio» және «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары мазмұнды әдеби-музыкалық  композицияларын, «Арай» өнер мектебі, «Ер Едіге» жыр мектебі және Үлгілі «Шаттық» би ансамблінің оқушылары ән, билерін ұсынып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Интеллектуалды квест, ұлттық ойындар, кляксография әдісі бойынша сурет салу, шеберлік сағаты секілді түрлі іс-шаралар балалардың қызығушылығын оятып, мерекелік ортаны жандандыра түсті.

Face-art алаңында балалар бет әрлеу өнерімен танысып, түрлі кейіпке еніп, ерекше әсер алды.