"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық
қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және
инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы
туралы есебін ұсынды.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы
зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша
міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан
әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ
сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге1 болды. ҚРҰБ
сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі –
ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді
инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша
қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы
активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің
мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары –
8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің
облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%,
МҚҰ - 1,35%.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған
қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай:
ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері
портфелінің 38,98%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі,
оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы
қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы
басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау
теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге.
2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің
салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал
инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.
2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы
1 зейнета ы жарналары мен т лемдер шоттарында ы а шаны есепке алма андақ ө ғ қ ғ
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы