Ақтөбенің 155 жылдығы: кәсіпкерлер қаланы абаттандыруға көмек береді

Ақтөбенің 155 жылдығы: кәсіпкерлер қаланы абаттандыруға көмек береді


Облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлерді Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында туған өлкені абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырды. 
Мұндай ұсынысты Асхат Шахаров ірі кәсіпорындар басшыларымен өткізген кездесуінде айтты. 

Кәсіпкерлерге саябақ аймақтарын, скверлерді және қала тұрғындарының демалуына жайлы басқа да орындарды абаттандыру ұсынылып отыр.

«Қаламыз қарқынды дамып келеді, тұрғын алаптарға көшіп келушілер саны артуда. Шаһарды әдемі және өмір сүруге ыңғайлы еткіміз келеді. Сіздер Ақтөбенің өркендеуіне өз үлестеріңізді қоса аласыздар. Біз қалалық аумақтарды абаттандыруға баса назар аудардық. Әсіресе, саябақтарды, скверлерді, қоғамдық кеңістік аймақтары ақтөбеліктерге жайлы болса деген ниет бар. Бұл игі істер туған өлкеміздің 155 жылдығына арналған сыйлық болады», - деп облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлерге осындай үндеуін жеткізді. 

Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленуде, оны іске асыруға кәсіпкерлер де белсенді қатыса алады.