«Халық қатысатын Бюджет»

«Халық қатысатын Бюджет»

«Халық қатысатын Бюджет» жобасы аясында «Алматы» ауданы әкімдігінің мамандары мен «Алматы» ауданы бойынша құрылған сараптамалық кеңестің құрамы келіп түскен 143 жобаның ұсынушыларымен кездесіп, аралау жұмыстарын атқаруда. Ендігі кезекте 5-сәуірге дейін ұсынылған барлық жобалар сараптамалық кеңеспен талданады. Жобалар сараптамалық талдаудан өткен соң дауыс беруге жіберіліп, 50 дауыстан жоғары жинаған жобалар келесі жылы жүзеге асырылады. Дауыс беру кезеңі 6 сәуірден басталып, 24 сәуір аяқталады.
Жалпы алғанда жобалардың басым бөлігі балалар ойын алаңдарын, футбол аландарын, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, ауланы абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын қамтиды.