Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек.

Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну жолымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету;   мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;  мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету –  жылына алпыс сағат.

Көмектің бұл түрін белсенді форматта алуға болады. Проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішісіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

Бұл проактивті қызметтің артықшылығы -  мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-МАБ) тіркелген адамға Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөліміне жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта, үйінде отырып, келіп түскен СМС хабарламасына жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігі.

Жүйе СМС хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін,  азаматтарға тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға  жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.

Үлгі:

«Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі:

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қамтитын «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін деректер автоматты түрде «Е – Собес» ААЖ-ға және мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) абоненттік құрылғысына беріледі Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.

Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.

Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

Қызметті көрсету мерзімі келісу түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

Сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салудың күші жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына құжаттарды ресімдеу мүмкін остігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

 

11 қыркүйек 2023

 
Әскери қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі кеңес

08 қыркүйек 2023

 
«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

08 қыркүйек 2023

 
Құқықтық қызмет туралы инфографика.

07 қыркүйек 2023

 
Санаторий-курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу

07 қыркүйек 2023

 
Ақтөбе облысы бойныша бала құқықтары жөніндегі уәкіл