Құрметті ақтөбеліктер!
2023 жылдың 4 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным – Менің Рәміздерім» атты кондитерлердің шығармашылық байқауы өтеді.
Қатысушылар байқауға патриоттық тақырыпта өздері дайындаған кондитерлік өнімдерді (торттар, печенье, пряник және т.б.) ұсынады.
Қатысушыларға жүлделер қарастырылған: 1 орын - робот-шаңсорғыш; 2 орын – «Braun» араластырғыш, 3 орын - электр самаурын шәйнегімен, сондай-ақ көтермелеу сыйлықтары.
Тіркелу: 2 маусымға дейін, сағ. 9.00-18.00 дейін.
Байланыс телефоны: +7 702 692 82 65.
Өтетін орны: Тұңғыш Президент атындағы саябақ, сахнаның артындағы алаң.
Басталу уақыты: 4 маусым, сағат 8.00.