"Халық қатысатын бюджет-2021"

"Халық қатысатын бюджет-2021"

2021 жылы 27 сәуір "Халық қатысатын бюджет-2021" бағдарламысына түскен жобаларды дауыс беру нәтижесін және сараптамалық кеңес шешімін шығару мақсатында "Алматы" ауданы бойынша бекітілген Сараптамалық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Дарин әр жобаның, маңыздылығы мен қажеттілігіне ерекше тоқталды. Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ардагерлер кеңесінің төреағалары қатысып, алға қойылған жоспармен таныстырды. Сараптамалық кеңес мүшелері өз ойларын білдіріп, дауыс беру кезеңіне 36 жобалар қатысып барлығы жоғары дауыспен өткізілді. Аталған жобалар аудан әкімдігінің интернет ресурсына жарияланды. Еске сала кетейік Халық қатысатын бюджет-2020 жылғы 38 жоба ұсынылған болатын оның 10 дауыстан артық жинаған 5 жобасы сарапатамалық кеңес мүшесінен іске асыруға жіберілді. Қазіргі уақытта 5 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды.