Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бейсенбі, 4 ақпан  "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде "Ashyq akimdik" фронт - офисінде аудан әкімі Әміржан Оразғалиев азаматтарды жеке қабылдады.

Тұрғындар ауданның бірінші басшысына әлеуметтік көмек, жол,тұрғын үй  мәселелеріне қатысты сұрақтармен жүгінді.

Азаматтармен кездесіп, Әміржан Мұратбайұлы іс-шара барысында көтерілген халықты толғандырған барлық сұрақтарға жауап берді. 

Азаматтардың өтініштері тыңдалып, бақылауға алынды. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына заң аясында барлық мәселелерді шешуге көмек көрсету тапсырылды.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау апта сайын жүргізіледі. Қабылдауға алдын ала 41-62-65 телефоны арқылы жазылады.