Спорт саласында біліктілік санаттарын алу үшін қалай онлайн түрде өтініш беруге болады

Спорт саласында біліктілік санаттарын алу үшін қалай онлайн түрде өтініш беруге болады

Мемлекеттік қызметтің атауы «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»

  1. eGov.kz сайтына кіріп, ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба), eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-код немесе біржолғы СМС-құпиясөз көмегімен авторландырудан өтіңіз.
  2. Басты беттегі іздеу жолағына «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі біліктілік санаттарын беру» деп енгізіңіз.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған сауалнама нысанына деректеріңізді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз.
  4. Қалыптастырылған өтінімге өзіңіздің ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңбаңыз) арқылы қол қойыңыз
  5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.