
🌷 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты тұрғындар 7-9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.
🎉 Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Бұл күндер демалысқа тұспа-тұс келгендіктен, қосымша демалыс күндері қарастырылған.
📆 Осылайша, 21-25 наурыз аралығында бес күндік үздіксіз демалыс беріледі.
📌 Жалпы наурыз айында 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні бар.
🌸 Мерекелік демалыстар - отбасыңызбен бас қосып, жақындарыңызбен жүздесуге және көктемгі серпін алуға жақсы мүмкіндік.