Ақтөбеде Тәуелсіздік даңғылының бойында салынып жатқан желілік саябаққа «Philips» компаниясының саябақ шамдары орнатылып бастады. Қазір 50-ден астамы қосылды. Болашақта бұл саябаққа 300-ге жуық жарық шамдар қойылатын болады. Бұдан бөлек парк жиһаздары, стрит воркаут алаңның жабдықтары әкелініп жатыр.
Осыған дейін бұл саябаққа жасыл желекті автоматты түрде қосылып суаратын суару жүйесі
орнатылған болатын. Бұл саябақ бюджет қаржысына емес, "Парыз" қорының демеушілік қаражатына салынып жатыр. Ұзындығы - 2 км. 800 метр.
Саябақ Тәуелсіздік даңғылының, бойында Ә. Молдағұлова даңғылынан F.Жұбанова көшесіне дейін созылады. Бірақ биыл тек Мұстафа Шоқай көшесіне дейін ғана жасалады. Себебі коммуналдық мекеме су құбырын тартады. Соған байланысты күзде жұмысты тоқтатып, мердігер келесі жылы
Ғ.Жұбанова көшесіне дейін жасап тапсырады.
Паркке әдемі фонтан орнатылады, тротуар төселіп жатыр. Заманауи саябақ шамдары орнатылып
жатыр, орындықтар, кіші архитектуралық, формалар, балаларға арналған алаңдар болады.