Абайлаңыз, ашық терезе!

Абайлаңыз, ашық терезе!

Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті.

❗ТЖМ ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:
🔸Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
🔸Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
🔸Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
🔸Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
🔸Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіздің жоқтығыңызда қайталауы мүмкін.

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!