Алға қалалық Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Алға қалалық Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Концерттік бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, би ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шара салтанатты, әсерлі және көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Бұл күн — ерлік пен батырлықты дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын көрсететін маңызды оқиға ретінде есте қалды.