⚜️ Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің Жеңіс күніне арналған құттықтауы

⚜️ Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің Жеңіс күніне арналған құттықтауы

Құрметті алғалықтар!

Бүгін – Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Шығыстың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толып отыр.

Ата-бабаларымыздың қайсарлығы мен жігері, бейбіт өмірге деген ұмтылысы, сондай-ақ тарихи тұлғалардың тағдыры – жас ұрпаққа ғасырлар бойы рухани мұра болып қала бермек.

Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандарға деген құрметтің белгісі. Бұл күні еліміз өзінің әскери қуаты мен қорғаныс әлеуетін көрсетті. Әскери парад – бейбіт болашаққа деген сенімнің, Қарулы Күштердің қуаты мен ұлттық рухтың айқын көрінісі болды.

Мемлекет басшысы айтқандай, «Майдангерлердің ерлігі мәңгі есімізде сақталады. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы ұрпаққа әрдайым үлгі болмақ. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды!»

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі бейбіт өміріміз үшін күрескен батырлардың ерлігі мен жанқиярлығының арқасында біз тыныштықта өмір сүріп, жарқын болашақ құру мүмкіндігіне ие болдық. Бейбітшілікті сақтау мен еркіндікті қадірлеу – әр азаматтың қасиетті борышы.

Әр шаңырақта ынтымақ пен береке орнасын, елімізде – бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрсын! Көк байрағымыз тәуелсіз аспанымызда мәңгі желбірей берсін!