Әскери шеру сағат 10:45-те басталып, елорда мен барлық облыс орталықтарында орнатылған LED-экрандардан және республикалық телеарналар арқылы, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.
Бұл тарихи шараны тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындар жиналды. Солардың бірі — Алға қаласы. Мұнда да қала тұрғындары Орталық саябақта ұйымдастырылған қоғамдық көрсетілімге жиналып, Жеңіс күніне арналған мерекелік атмосфераны бірге бөлісті. Жиналған жұрт салтанатты шеруге куә болып, патриоттық рухты сезінді.