“BİLİM MEN ERLİK - UlT TIREGI”

“BİLİM MEN ERLİK - UlT TIREGI”

Бүгін Алға қаласындағы №3 Алға қазақ орта мектебінде облыстық дебат ойындары өтуде.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылып отырған бұл турнир — танымал пікірсайысшы, ауданның белсенді жасы Ришат Бақбергеновті еске алуға арналған.

Турнирге барлығы 22 фракциядан 44 оқушы бақ сынауда. Жалпы сайысқа Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Мартук аудандарынан жастар келіп қатысуда.

Сайыстың ашылу рәсіміне Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жексембаева, Алға аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Г.Буркиталина және Ришат Бақбергеновтың туыстары қатысты.

Барлық қатысушыларға сәттілік!