1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев 4 жылда бір рет өтетін бокстан Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарының күміс жүлдегері Руслан Динеуовты жеңісімен құттықтады.

Аталған жарыс 2025 жылдың 20-27 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген 314 жас былғары қолғап шеберін бір алаңда тоғыстырды.

Жоғары деңгейде өткен додада Руслан өз шеберлігі мен табандылығын танытып, аудан намысын лайықты қорғады.

Аудан басшысы жас спортшының бұл жетістігіне тоқталып, оның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Құттықтау барысында аудан басшысы спортшының ата-анасына Алғыс хат табыстап, Русланға естелік сыйлық тарту етті.