1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс өтті.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс өтті.

Бұл мереке – татулық пен достықтың, ынтымақ пен өзара түсіністіктің символы. Осы айтулы күні 11 бен 59 жас аралығындағы 300-ге жуық аудан тұрғындары белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға, зор үлес қосты.

Жарыс қатысушылары жоғары жігер мен спорттық рух көрсетіп, шараны шынайы мерекеге айналдырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

І орынды – №4 Алға орта мектебі
ІІ орынды – Сарықобда ауылы
ІІІ орынды – №3 Алға қазақ орта мектебі иеленді.

Жеңімпаздар арнайы Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.